KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
509.94 593.88 6.43

Ертең ШҚО-да жаңбыр, бұршақ жауады

pixabay.com

4.08.2024, 21:00 425 Назерке Каримова

"Казгидромет"  ақпараты бойынша  5 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында да ертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу