KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность Штиль
478.89 528.74 5.29

TechnoWomen Oskemen: жасанды интеллектімен қалай пайда табуға болады?

5.08.2024, 15:36 173 Айжанат Бақытқызы

Өскемендегі Қазақстан-Америка Еркін университетінде «TechnoWomen Oskemen: жасанды интеллект арқылы қалай ақша табуға болады?» аймақтық тренингі тұңғыш рет өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі технология дәуірінде қыз-келіншектерді технологиялық индустрияға тартуға, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация және электрондық коммерция, сондай-ақ IT-стартап мәселелері бойынша ақпараттандырудың маңызы зор. Бүгінгі іс-шара да осы мақсатқа бағытталған.

«TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР Ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бірлесе ұйымдастырған тренингте жасанды интеллектінің заманауи трендтері мен мүмкіндіктері жайлы айтылды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер қауымын IT саласында дамыту, ынталандыру. Қаржылық жағдайын жақсарту үшін саланың пайдалы жақтарын үйрету», - дейді «TechnoWomen» ұйымының атқарушы директоры Балжан Балтабаева.

Тренинг барысында тәжірибесімен бөліскендердің бірі -  IT-AIEL бағдарламасының финалисті, СyberBala жобасының авторы, «RoboTechnoGirls» әлеуметтік жобасының PR менеджері Әлия Оразымбетова. Оның айтуынша, ол декретте отырып-ақ мобилография, маркетолог, видеомейкинг курстарын оқыған. Фрилансер атанып, мемлекеттік мекемелер мен Ұлттық компанияларға анимациялық тематикалық роликтер жасайды. Жобаларының бірі CyberBala – цифрлық гигиена және балалар мен жасөспірімдер арасында кибербуллингтің алдын алу шаралары туралы ақпарат беретін бот-көмекші.

«Astana Hub» пен «TechnoWomen» бірлесе ұйымдастырған IT-Aiel бағдарламасы аясында еліміздегі бірқатар жұмыссыз әйелдер екі ай ішінде ITмамандықтарына тегін оқытылып, Startup жасауға мүмкіндік алды. Аатлған жобаға 2 мың әйел қатысып, үздік 50 жоба іріктелген. Жуықта оқудың екінші кезеңі басталды.

«Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің ШҚО бойынша өңірлік менеджері Дидар Мұратұлының сөзінше, «Oskemen Hub» орталығында IT сауаттылыққа үйретіп, жас таланттар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. 

Тренинг барысында астаналық және жергілікті спикерлер стартапты қалай құру және идеяны қалайша іске асыруға болатындығы жайлы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «Серіктестік келісім: өзіңізді және бизнесіңізді қалай қорғауға болады», «Стартаптарды таңдау кезінде инвесторлар неге қарайды» тақырыбында мастер-кластар ұйымдастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив