KZ
Өскемен
-3°
плотный туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Қазақстанда тағы 28 инсульт орталығын ашу көзделіп отыр

27.05.2013, 18:00 225


Үстіміздегі жылы Қазақстанда 28 инсульт орталығы ашылады. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарламаның аясында мидағы қан айналымының кенеттен бұзылуы салдарынан болатын өлім мен мүгедектіктің алдын алу мақсатында 2012 жылы республикада 20 инсульт орталығы іске қосылды. 2013 жылы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, персоналдары толық даярлықтан өткен тағы 28 орталық ашу жоспарланған» деді денсаулық сақтау министрі отырыста.

С.Қайырбекова сонымен қатар балаларға кардиохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, ересектерге кардиохирургиялық және кариологиялық көмек көрсетуге жол карталары бекітілгенін айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив