KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 0,6 м/с, ОШ
479.71 533.77 5.16

Жерлес академиктің өміріне арналған деректі фильм

27.05.2013, 18:00 222


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымының академик Зәки Ахметовтің 85 жылдық мерейтойына орай жасаған тағы бір ерекше тартуы - «Алтайдан ұшқан тастүлек» атты деректі фильм, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фильм қазақ ғылымы тарихында есімі алтын әріптермен жазылған академик З.Ахметовтің өнегелі өмірі жайлы сыр шертеді. Фильмнің сценарийін ф.ғ.к. Бақытжан Келгембаева жазып, университеттің Әлеуметтік байланыс орталығы түсірді.

Ал редакциясын университетіміздің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков басқарды.

Деректі фильмнің тұсаукесері ертең, 29 мамырда «Зәки Ахметовтің ғылыми мұрасы және ғылым мен білімнің заманауи мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив