KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыз су» бағдарламасы аясында салынып, жұмыс істемей тұрған 16 нысан бар

23.05.2013, 18:00 83


ҚР Бас прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысында «Ауыз су» бағдарламасы аясында салынып, жұмыс істемей тұрған 16 нысанды анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алайда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмас Оңдақановтың айтуынша, олардың 6-уы былтыр іске қосылған, биыл 5 нысанды, келесі жылы төртеуін, 2015 жылы қалған біреуін іске қосу жоспарланыпты. Проблемалық нысандардың дені Үржар, Бородулиха, Аягөз, Тарбағатай аудандары мен Өскемен қаласында орналасқан.

Ал іске қосылмаған нысандардың алтауын аты шулы «Казсельбурводстрой» серіктестігі салған.

Сапасыз атқарылған жұмыстың қаржысын мемлекетке қайтару туралы соттың үкімі де бар. Алайда, жауапсыз мердігер соттың бұл шешімін әлі орындамай келеді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша да мәселе жоқ емес. 2011-2012 жылдары бес нысан қабылдаудан өтпеген.

"Барлық қордаланған мәселелерді кезең-кезеңмен шешу қажет. Айталық, ауызсуды үнемдеу бағытында не істеліп жатыр? Облыстағы су есептегіш құралдардың орнатылу деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен. Жылуды үнем-
деуге де мән бермейміз, кейбір аудандардағы коммуналдық кәсіпорындарда жылу шығыны 60-75 пайызға дейін жетеді. Сонда аталмыш кәсіпорындар қалай жұмыс істеп жатыр? Иесіз жатқан жылу және су желілерін де түгендеп, жү-йеге келтіретін кез келді. Осы салаға жауапты орынбасарларыма, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас-қармасына бұл мәселені реттеуді тапсырамын" деген тапсырма берді Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив