KZ
Өскемен
+12°
небольшой дождь жел 5 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Жасотандық десанттар соғыс және тыл ардагерлеріне жыл бойы жәрдемдеседі

12.05.2013, 18:00 199


«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері ҰОС ардагерлеріне жыл көлемінде көмек көрсетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл акцияны «Нұр Отан» партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында 2010 жылы бастап қолға алып, содан бері үнемі өткізіп келеді.

Шара барысында нұротандықтар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге атсалысады.

Биылдың өзінде Ұлы Отан соғысының 2,5 мыңға жуық ардагері мен қарттарға көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, осы акция шеңберінде 700 жасотандық десант ағымдағы жыл бойы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне олардың тұрмыстық шаруаларын атқаруға жәрдемдеседі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив