Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өнімдерін қайта өңдеуші "Эмиль" ЖШС және "Восток-Молоко" ЖШС сияқты екі ірі фирмаға қатысты сүт бағасын қымбаттатқан деген фактімен тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Біздің өңірде сүт өте қымбат. Біз табиғи монополиялар агенттігінің мамандарымен аймақтағы сүт өндірушілерге қатысты тексеруді бастаймыз. Олар сатып алған бағаларына 100 пайыз үстеме қосып отыр, ал негізінде бар болғаны 50 пайыз ғана қосуларына болады», - дейді облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев.
Облыс әкімі орынбасарының пікірінше, аймақтағы сүт бағасы литріне 150 теңгеден аспауы керек. Билік басындағылар шілде айына дейін сүттің бағасын төмендетуге қол жеткізуді көздеп отыр.
Мәлімет көзі: Altaynews.kz