KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемендік «Азия Авто» кәсіпорны «Skoda Superb» маркалы жаңартылған жеңіл көліктің өндірісін іске қосты

28.08.2013, 18:00 166


Өскемендік «Азия Авто» кәсіпорны «Skoda Superb» маркалы жаңартылған жеңіл көліктің өндірісін іске қосты. Бұл туралы аталған компанияның президенті Ерік Сағымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, Қазақстан «Skoda Superb» жаңа үлгісіндегі көліктерді өндіретін Чехия мен Үндістаннан кейін әлемдегі үшінші мемлекет атанып отыр.

– Еуропада жеңіл көлікке сұраныстың төмендеуіне қарамастан, компания Шкоданың 534,3 мың данасын сатқан. Бұл көлік үлгісінің жаңаруының нәтижесі. Мәселен, «Rapid, Octavia III» және «Superb» көліктерінің жаңа нұсқасын айтуға болады, – дейді Е.Сағымбаев.

Қазір еліміздегі темір тұлпарлардың ішінде ең көп өндірілетіні – «Skoda». Оның сатылымы жыл басынан бері 2,7 есеге өскен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив