KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады(+сурет)

22.03.2013, 18:00 346


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар «Өз мамандығының үздігі» байқауының жеңімпаздарына құрмет грамоталары, статуэткалар тапсырылды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Бүгін біз жаңару мен жаңғырудың тамаша мерекесін атап өтудеміз. Қазақстан егемендік алған 20 жыл ішінде бейбітшілік пен қайырымдылықтың, жаңарудың символы болған мейрамды қайта тойлауға мүмкіндік алды, - деп атап өтті өңір басшысы. – Бізде 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, біз барлық ұлт пен ұлыстардың мерекелерін бірге тойлап келеміз. Жуықта ғана масленица мейрамын атап қтсек, енді Пасха мерекесі жақындап қалды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады(+сурет)
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады(+сурет)
Бердібек Мәшбекұлы Қазақстанның басты жетістігі – бұл тұрақтылық пен бейбітшілік екенін ерекше атап өтті. Жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған облыс басшысы оларға татулық, мейірімділік пен денсаулық тіледі.

Осы күні Б.Сапарбаев «Өз мамандағының үздіктерін» марапаттады. Құрмет көрсетілгендердің арасында үздік мұғалім, үздік кәсіпкер, үздік мединица қызметкері, қызмет көрсету саласының үздік маманы бар.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив