KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Шығыстың сот орындаушылары мемлекет қоржынын үш ай ішінде 825 089 182 теңгеге толықтырды

29.04.2013, 18:00 82


Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті 2013-жылдың 3 айы ішінде мемлекет пайдасына 825 089 182 теңге өндірді. Былтырғы жылмен салыстырғанда атқару құжаттарының орындалуы 12 263 данаға артып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл деректер департаменттің 2013-ші жылдың 3 айын қорытындылауға арналған алқа мәжілісінде келтірілді.

Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, жиында департаменттің ұйымдастыру-талдау жұмысы және атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нұрлан Нұғыманов баяндама жасап, жыл басынан бергі жұмыстың нәтижесіне тоқталды.

Жалпы осы уақыттың аралығында ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне құны 57 млрд теңгені құрайтын 94 924дана құжат өндірісте болды. Оның 20 928 данасы алимент өндіруге қатысты болды. Соңғы 3 айдың ішінде департамент 16 136 дана құжатты орындап, мемлекет пайдасына 825 089 182 теңге өндірді. Былтырғы жылмен салыстырғанда атқару құжаттарының орындалуы 12 263 данаға артып отыр. Ведомство сонымен бірге бірінші тоқсанда республикалық бюджетке 10 663 526 теңге атқарушылық санкция өндірді.

Кеңейтілген жиында сот шешімдерін орындауға байланысты бірқатар аумақтың бөлімшелердің басшыларына сын ескертулер айтылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив