KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Туысқан халықтар үндестігі дәріптелген көрме

29.04.2013, 18:00 198


Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 1-мамыр бірлік мерекесіне орай «Туысқан халықтар үндестігі» кітап көрмесін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Елімізде Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақ күні мерекесін жыл сайын тойлау жақсы дәстүрге айналған. 1995 жылы Қазақстан халықтар Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының шаңырағына топтасқан түрлі ұлт өкілдері Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде ел аумағында тәту-тәтті өмір сүруде. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Сол себепті көрмеге осы тақырыпқа арналған әдебиеттер жинақталды", - дейді кітапхана қызметкерлері.

Кітап көрмесіне бірлік пен достықты айқындайтын «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл», «Қазақстандағы этносаралақ қатынастар мәселелері», «Казахстан и страны мира», «Сто народов - сто языков», «День мира», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселесі», «Республика Казахстан: 20 лет прогресса и стабильности» , басқа да кітаптар қойылды.

Көрнекі жерден ғаламтор, мерзімді басылымдар беттеріне жарияланған ақпараттар орын алды.

Пайдаланушылар ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, салт-дәстүр, мәдениеті жайлы хабардар болды. Көрмеге 17 кітап және 7 мерзімді басылымдардан тың деректер ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив