KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 0,2 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Ұлттық ұлан тіл мамандары әдеби – музыкалық кеш өткізді

28.09.2017, 03:11 187

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде Қазақстан халқының тілдері күні аясында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты әдеби – музыкалық кеш өтті.


Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының тілдері мен ұлттық мәдениетінің байлығын, бірлігі мен ынтымақтастығын паш ету. Әдеби – музыкалық кешке қазақ, белорусь, украин, орыс және корей этномәдени орталықтарының өкілдері, өңірлік қолбасшылық басқармасы, Өскемендегі 5518, 6699, 3477 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты.


Тілдер күні - достықтың, туыстастықтың және еліміздің барлық азаматтарының бірлігі мейрамы. Халықтар достығы, өзара түсінушілік және ынтымақтастық – Қазақстанның ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты тірегі. Біздің елімізде 130 астам ұлт пен ұлыс өкілдері ел игілігі үшін еңбек етіп, келісімде өмір сүруде.


«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде түрлі ұлт өкілдері қызмет атқаруда, олар өздерінің әскери қызметке деген саналы көзқарастарымен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өз үлестерін қосып келеді.


Бағдат Амангелді,

ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі бастығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив