KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Семейде І облыстық педагогикалық континуум фестивалінің жеңімпаздары марапатталды (+сурет)

29.04.2013, 18:00 225


Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Педагогикалық шеберлік керуені» атты І облыстық педагогикалық континуум фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz .

Осыдан жарты жыл бұрын өңіріміздің білім мекемелері арасында тығыз байланыс орнатып, педагогикалық тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру мақсатында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының басшылары «Педагогикалық шеберлік керуені» атты І облыстық педагогикалық континуум өткізу туралы бастама көтерген болатын. Жақсы бастама білім беру мекемелерінің басшылары, мамандары мен ұстаздар қауымының қолдауына ие болды.

Семейде І облыстық педагогикалық континуум фестивалінің жеңімпаздары марапатталды (+сурет)Семейде І облыстық педагогикалық континуум фестивалінің жеңімпаздары марапатталды (+сурет)Семейде І облыстық педагогикалық континуум фестивалінің жеңімпаздары марапатталды (+сурет)

Осы уақытқа дейін «Педагогикалық шеберлік керуенінің» кеңесшілері– СМПИ-дың білікті мамандары Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Ұржар, Аягөз аудандарында болып, педагогтардың ғылыми-әдістемелік және шығармашылық деңгейін анықтап, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігінің жетілуіне ықпал етіп, конитнуум фестиваліне қатысуға ынталандырды.

Континуум бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады.

І кезеңде СМПИ ұстаздары мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беру және орта арнайы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, мұғалімдерге семинар-тренингтер өткізіп, мұғалімдерің мәліметтер қорын жасады.

ІІ кезеңде жеке ғылыми-зерттеушілік, пәндік-әдістемелік, тәрбиелік тақырыптар бойынша интерактивті жұмыстарды қашықтықтан жүзеге асырып, мұғалімдерге кеңес берді.

Ал, өткізілген ІІІ кезең педагогикалық идеялар фестивалінде континуум қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

«Педагогикалық шеберлік керуені» атты І облыстық педагогикалық континуумның фестиваліне қатысуға өңіріміздің 82 оқытушылары ұсыныс білдірді.
Жиналған 60 жоба іріктеліп, ең үздік деп табылған 16 оқытушының 9 жобалары: «Жоғары ғылыми-зерттеу деңгейі», «Жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейі», «Педагогикалық міндеттерді шешудің инновациялық тәсілі», «Қазіргі білім беру технологияларының сәтті енгізілуі», «Кәсіби біліктілік және педагогикалық шеберлік», «Креативтік және шығармашылық», «Қазіргі тәрбиелік жүйе» атты 7 номинация бойынша дипломмен марапатталды. Ал, қалған 66 оқытушыға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар, Семей қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің атынан ауылдық мектеп мұғалімдерінің бастамаларын қолдау мақсатында ауыл мектебінің 4 мұғалімі ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Анар Қуанғалиева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив