KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Ауыл әйелдерінің зейнетақы қоры қалай жинақталады?

22.04.2013, 18:00 210


– Әйелдердің зейнетақы жасын біріздендіру барысында ауылды жерлерде тұратындарға қиындау болады. Ауылдағы әйелдер не істейді? Олар зейнетке шығар алдында ең төменгі зейнетақы алу үшін зейнетақы қорын қалай жинай алады?

К. Құрайысова
Зайсан ауданы.

Сауалға Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Бақытбек Қизатов жауап береді:
– Қолданыстағы заңнамада әйелдердің еңбек өтіліне жұмыс істемейтін аналардың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт ескеріледі. Осы норма ұсынылып отырған заң жобасында да сақталған.

Осыған байла-нысты ауылда тұратын, жұмыс істемейтін және жинақтаушы зейнетақы қорының қатысушысы болып табылмайтын әйелдер зейнеткерлікке шығар кезде ең төменгі мөлшері 12 жыл еңбек өтілін құрайтын еңбек зейнетақысын, сондай-ақ, базалық зейнетақы алуы мүмкін.

Мысалы, мүлдем еңбек өтілі жоқ, балаларды бағып-күткен 12 жыл уақыты бар әйел адамға зейнетақы 11440
теңге мөлшерінде тағайында-латын болады және 9330 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемі бар, барлы-ғы 20770 теңге төленетін болады. Егер де ана «Алтын алқа» (7 бала), «Күміс алқа» (6 бала) белгілерімен марапатталған болса, оған қосымша 10578 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Бұл жағдайда барлық төленетін сома мөлшері 31348 теңгені құрайды.

Ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге мүмкіндігі әрі ынтасы бар әйелдер үшін оларды «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы, сол сияқты өңірлік бағдарламалар шеңберінде нәтижелі жұмысқа тарту шаралары іске асырылатын болады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив