KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Зейнетақы қалай есептеледі?

18.02.2018, 04:26 203


– Мен өткен жылдың желтоқсан айында теледидардан еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың «1945-1948 жылдар аралығында туғандардың зейнетақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқаша есептеледі, зейнетке шыққан соң жұмыс істегендерге белгілі бір мөлшерде пайыз қосылады» дегенін естіген болатынмын. Алайда, жылдың басында бұл өзгерістерді зейнетақыдан көре алмадық.


Күлдариға Құмарқызы


Қалбатау ауылы,


 Жарма ауданы.

Сауалға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәтеков жауап береді:


– Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» № 105-V Заңымен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде жыл сайынғы арттырулар жүзеге асырылатындығы көрсетілген.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 8 пайызға арттырылды.


Қазақстан Республикасының «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 теңге болып бекітілген.


Базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Әрбір мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады. Еңбек өтілін есептеу кезінде келесі кезеңдер есепке алынады:


1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі қосымша құжаттарды талап етусіз алушының зейнетақы ісіндегі құжаттар бойынша есепке алынады.


Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша БЖЗҚ жарналар түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.


Егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жыл және одан кем немесе еңбек өтілі жоқ болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Ал еңбек өтілі 10 жылдан артық болса, әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жылды құраса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызы, 30 жыл болса, 94 пайызы, 33 жылдан асқан болса, 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив