KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Сақ дәуірінің асыл қазынасы - Өскеменде

17.04.2013, 18:00 200


Өскемен қаласындағы облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында «Сақ қорғандарының асыл қазынасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Елордадағы «Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайының» қорындағы жәдігерлерден құрылған аталмыш көрме «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге жиналғандарға екі «Алтын адам» мен ежелгі көшпенділер дәуірінің Есік және Шілікті қорғандарынан табылған бірегей зергерлік әшекейлері мен заманауи зергерлік өнер шеберлерінің этнографиялық коллекциялары мен әшекей бұйымдары ұсынылды.

Қойылған заттардың ішінде қонақтардың назарын ерекше аударған қос бірдей алтын адам болды. Алтын киімді адамдардың бірі 1969 жылы Алматы облысындағы Есік қаласынан табылған сақ жауынгері болса, екіншісі ШҚО Зайсан ауданындағы Шілікті аңғарына жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ақсүйек сақ әулетінің өкілі еді.

Әлемді елең еткізген Шілікті қорғанында патшаның жерленген жерінің табылуы 21-ғасыр археологиясының жылнамасына тамаша әрі тың жаңалық болып енді.

Жандос Дайырбаев

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив