Шығыс Қазақстанның орталығында 41 жастағы ер адам суға батып кетті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскемен су қоймасы маңында Ертіс өзенінде балық аулап отырған 1972 жылы туған азамат мұз жарылып кетіп, судың астына түсіп кетті.
Зардап шегушіні іздестіруге Үлбі құтқару стансасының УАЗ көлігі, «Ямаха» қайығы мен 3 құтқарушы жұмылдырылған болатын. Сол күні кешке құтқарушылар зардап шегушінің мәйітін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz