KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Семейде өрт кезінде газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)

16.04.2013, 18:00 230


Семей қаласында жеке меншік үйде шыққан өрт кезінде газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ТЖБ ХНДжОБ бас маманы Айгүл Мирсаитованың берген мәліметтеріне сүйенсек , «101» қызметінің пультіне 652 –шақырым, 22- үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 3 бөлмелі пәтердің ағаш бөліктерінің отқа оранғанын көреді.

Семейде өрт кезінде газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Семейде өрт кезінде газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Семейде өрт кезінде газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Семейде өрт кезінде газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Өртті сөңдіру және барлау кезінде жекеменшік 4 пәтерлі тұрғын үйдің үш бөлмелі пәтерінің дәлізі, үйдің шатырының ағаш бөліктері, жеке заттар мен жиһаздың жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілер келгенше тұрғын үйдің дәлізінде тұрған газ баллоны жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан зардап шеккендерді көршілері дереу таза ауаға алып шыққан. Зардап шеккендердің біреуі – 1965 жылы туған азаматтың денесінің 40 пайызын 2,3 А.Б дәрежесіндегі термикалық күйік шалған. Оның бас терісі, мойны, денесі , жоғарғы тыныс алу жолдары күйген. Екіншісі –1989 жылы туған азаматша ауыр дәрежеде иіспен уланды. Екі зардап шегуші де Семей қалалық жедел – жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Төтеншеліктер отты құрықтау кезінде үйден екінші газ баллонын алып шықты.

Өрттің шығу себептері ретінде отты абайсыз қолдану немесе электр құрылғыларын дұрыс қолданбаған деген болжамдар тексеріліп жатыр.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив