KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 1 м/с, В
479.71 533.77 5.16

«Өз жұлдызыңды жақ» облыстық байқауының бас жүлдесін катонқарағайлық өнерпаз әкетті

3.04.2013, 18:00 155


Риддер қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту мақсатында «Өз жұлдызыңды жақ» облыстық байқауы өтті. Бас жүлдені «Асыл ана» әнімен катонқарағайлық жас өнерпаз Мирас Ерболұлы жеңіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мирастың әншілік шеберлігі жиналған жұртты қатты тебірентті. Оның «Асыл ана» әнін беріле орындағаны соншалық, тіпті көзінен жас та шығып кетті. Балғынның әнді жан-тәнімен орындауы қазылар алқасынғана емес, көрермендерді де қобалжытып жібергені рас. Әншінің шеберлігіне бастарын иген риддерліктер өнерпазға түрегеп тұрып, қол шапалақтады.
Үш талапкердің ішінен суырылып алға шыққан Мирас Ерболұлы арнайы сертификат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жас өнерпаз енді республикалық байқауда өнер көрсететін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив