KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Семейдегі Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайында студенттердің дәстүрлі көрмесі ашылды

3.04.2013, 18:00 254


Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері мен сызу» кафедрасының мұғалімдері мен студенттерінің дәстүрлі көрмесі ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалықтардың назарына 30 автордың 44 жұмысы ұсынылды.

Көрмедегі жұмыстар пейзаж, натюрморт, портрет, иллюстрация декоративті компазиция сияқты бағыттарда орындалған. Жұмыстарды жасау техникасы да әртүрлі: майлы бояумен бейнелеу, акварель, гуашь, тушь, аппликация.

Жәдігерлердің бір бөлімі толығымен қолөнерге арналған. Мұнда тоқыма, ағаштан ойып жасалған туындылар кездеседі. Ең маңыздысы студенттер оқу басталысымен шығармашылық жұмыстарға тартылып, олардың көрмеге қатысуына бағыт беріледі. Соның нәтижесінде оқуды тәмамдағанша жастар көптеген беделді көрмелерге қатысуып үлгереді.

«Суретші үшін, әсіресе жаңа бастаған жас суретшіге ең бастысы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, шығармашылығын ары қарай ұштай беру қажет. Шығармашылық қуаныштар мен өзіңді өнер биігінен көру жеке тұлғалардың қалыптасуында зор рөл атқарады және өмірдің қиын сәттерінде мойымауға үйретеді» дейді мұражайдың ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі И.Соловьева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив