KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Оқушыларға экстремизм мен лаңкестік әрекеттер туралы әңгімеленді

2.04.2013, 18:00 244


Үржар ауданында І.Жансүгіров атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында дін тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Экстремизм мен лаңкестік әрекеттер өріс алып отырған заманда бұлардың адамзат қауымына өте қауіпті екендігін жасөспірімдерге түсіндіру аса маңызды. Дөңгелек үстелге жиналған жоғарғы сынып оқушылары «Ислам» атты әңгіме сағатынан мазмұны терең, маңызы мол мәліметтер алды.

Жиын барысында ата-бабалар мұрасына құрмет көрсету, жастардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мәселелері қаралды. Ұстаздар мектеп оқушыларын құндылықтарымызға жете мән беруге шақырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив