KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

ШҚО «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттері заманауи кедендік бақылау құралдарымен жабдықталады

31.03.2013, 18:00 226


Шығыс Қазақстандағы «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттерінде салынып жатқан өткізу пункттері ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Бұл жөнінде Кедендік бақылау комитеті Төрағасы Мәжит Есенбаев осы бекеттерді аралаған кезде мәлім етті. Мәжит Есенбаев шекарадағы кедендік бақылауды толық қамтамасыз ету және күшейту үшін осы жылы шекара маңындағы кеден бекеттері заманауи кедендік бақылау құралдарымен жабдықталатынын айтты.

Төраға осы құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар кедендік ресімдеу уақытын қысқарту, шекарадағы кезекті жою және сыртқы экономикалық қызметке жағдайды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив