KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының Шығыс Қазақстанға іссапары

31.03.2013, 18:00 222


ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасы Мәжит Есенбаев Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында шекара маңы «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттерінде болды, облыс өндіріс орындары ұжымдарымен және Кедендік бақылау департаменті нің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстанның Бас кеденшісі өндіріс орындары ұжымымен және кеден органдары қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді. Елбасының кеден органдарының алдына қойған міндеттері және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына әкімшілік кедергілерді азайту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы жан-жақты айтып өтті.

Сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша негізгі бағыттар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара әрекет етуді жақсарту, озық ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ кедендік ресімдерді оңтайландыру мен ашықтығын қамтамасыз етуге баса назар аударды.

Кедендік бақылау комитеті Салық комитетімен бірлесіп кедендік тәуекелден басқа кеден органында барынша адал, яғни ӨЭО мәртебесіне ие компаниялардан түсетін салықтық түсімдер бойынша тәуекелдерді есепке алу мәселесін қарастыруда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив