KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 6 м/с, В
443.16 480.39 4.94

78 миллионнан астам теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді

12.06.2013, 18:00 94


Шығыс Қазақстанда құны 78 миллионнан астам теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне жүгініп.

Қытайдан әкеле жатқан киім-кешектер мен ұсақ заттарды көлік иелері кедендік бақылау бекетінен ешбір төлемсіз алып өтпек болған.

Алдымен Майқапшағай кеден бекетінде 75 млн. теңгенің затын кедендік декларацияда көрсетпей өтпек болған көлік жүргізішісі ұсталды.

Ал Бахты кеден бекетінде ұсталғандар жасанды футбол алаңы жабындысын бетон араластыратын құрал ішіне
салып өткізбек болыпты. Осындай жолмен кәсіпкерлер 3 миллион теңгені үнемдемек болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив