KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Техникалар көктемгi егiс жұмыстарына сақадай сай тұр

31.03.2013, 18:00 155


Шемонайха ауданындағы агроқұрылымдар қолда бар техниканы жөндеп, көктемгi егiс жұмыстарына сақадай сай тұр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы өңірдегі шаруашылықтардың иелігінде 1230-ға жуық шынжыр табанды және доңғалақты трактор, сондай-ақ, топырақ өңдейтін, тұқым себетін құрылғылар бар. Биыл егістік алқабында ылғал сақтау технологиясы бойынша 41 техниканы кеңінен қолданбақшы. Разин ауылдық округіндегі «Восход» шаруа қожалығы 10 млн. тенгенің техникасын сатып алды. Былтыр аудандағы шаруа қожалықтары 31 әртүрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, машина-трактор паркін толықтырды.

Шаруашылықтардың ұжымдары көктемгi егiске қажеттi техникалардың бәрiн өздерi қамдап жатыр. Жұмысшылар егiс немесе орақ науқаны аяқталысымен техниканы жөндеуге кіріседі. Қазiргi таңда қолдағы техниканың барлығы дерлiк көктемгі егіске дайын тұр. Күн жылынғаннан кейiн оларды шығарып, бақылаудан тағы бiр өткiзiп, содан кейiн жауапты науқанға кiрiспекші.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив