KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Белгілі мәдениет және қоғам қайраткері қыз бала тәрбиесіне ерекше мән береді

28.03.2013, 18:00 194


Семей шаһарына қала әкімі Айбек Кәрімовтің арнайы шақыруымен қарымды журналист, білікті педагог, мәдениет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің, Ы.Алтынсарин медалінің, платиналы Тарлан тәуелсіз сыйлығының иегері Сайраш Әбішқызы келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Өнер мен ғылымды қатар алып жүрген, әрі осы арқылы еліне елеулі еңбек сіңірген жан қаламыздағы бірқатар білім ордаларында болып, қала педагогтары арасында қыз бала тәрбиесі, ұлттық дүниетаным тұрғысынан тәлім беру сынды тақырыпта әңгіме өткізді.

"Менің бұл сапарым қала басшысы Айбек Мүталапханұлының шақыруымен жүзеге асып отыр. Өмірімнің 40 жылын журналистік салаға, соның ішінде қоғамдағы әйел образын қалам арқылы сомдауға жұмсаған мен үшін кейінгі өскелең жас ұрпақ қыздарымызбен кездесу ерекше әсерге бөлейді.

Арттағыларға айтарым бар ана ретінде ізімізді басып келе жатқан ұлтымыздың болашағы - қыздарымызға өзімнің өмірімнен сыр шертіп, ой бөліскім келеді.Бұл кездесулерімнің барлығында қыз баланың тәрбиесінен бастап, қоғамдағы әйел затының алатын орыны, тәуелсіз елімізді дамытуға қосар олардың үлестері жайлы да әңгіме өрбімек. Әйел тақырыбы қай қоғамда, қай заманда болмасын өлмейтін, мәңгілік тақырып. Қоғам ауысып, дәуір алмаса бергенімен біздің қазақ үшін еш уақытта ұмытылмайтын, назардан тыс қалдыруға болмайтын тақырыптың бірі осы.
Әйел затының қолынан келмейтін ештеңе жоқ. Тіптен көп жағдайда ер-азаматтың тәрбиесінің өзі әйел адамға байланысты. Ал, біреуді тәрбиелеу үшін алдымен өзің білімді болуың керек. Менің ең негізгі ойым осы" деді келген сапарымен қысқаша таныстырған мейман.

Ермек Исабай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив