KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Риддер қаласында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

28.03.2013, 18:00 168


Риддер қаласында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Енді жеке кәсіппен айналысқысы келген кез-келген риддерлік азамат өзін қызықтырған мәселелерді осы жерде шешуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа орталық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан. Оның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік басқармасының бастығы Ш.С. Бұктұгұтов, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлігінің даму қоры» АҚ Аймақтық филиалының директоры Б.М. Мұсаев, Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы А.Т. Хосчанов, Риддер қаласының мәслихат хатшысы И.И. Панченко және қаланың кәсіпкерлері қатысты.

«Риддер қаласында өз істерін ұйымдастыруды қалайтын адамдар саны жыл сайын өсіп келеді. Енді оларға кәсіпкерлікті қолдау орталығы қолдау көрсетеді. Бұл жерде кәсіпкерлер өздерін толғандырған кез келген сұрақтарына білікті жауап алып, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасымен таныса алады. Ал әкімдік орталықтың жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын» деді құттықтау сөзінде Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы А.Хосчанов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив