KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскемен қаласында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды

11.08.2013, 18:00 140


Бүгін Өскемен қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының жанынан кәсіпкерлерді қолдау орталығы салтанатты түрде ашылды.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіркерлерді қолдаудың екі бірдей орталығы жұмыс істейтін республика көлеміндегі бірден бір облыс екен. Бұл жөнінде «Даму» қоры басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осындай орталық Семей қаласында маусым айында ашылған болатын. Осы уақытқа дейін орталық кәсіпкерлердің сұранысына ие екенін көрсетті.

«Даму» қоры аймақтық филиалының директоры Бақыт Нұрсаевтың берген мәліметтеріне сүйенсек, айына 200-ден астам адам мамандардың білікті көмегін алатын болады.

Өскемен қаласында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылдыӨскемен қаласында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылдыӨскемен қаласында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды

- Бизнестің өркендеуі үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалуы керек, әсіресе, кедергілерді жою бағытында, - деп атап өтті облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ашылу салтанатында. – Бұл үшін өңірімізде өткен жылдан бері Көлік министрлігі мен «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы және «Нұр Отан» партиясының бірлескен қанатқақты жобасының аясында кедергілерді жою, әртүрлі қағаздар мен рұхсат шешімдерін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Ең бастысы, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Жаңадан ашылған орталық нақты осы істермен айналысатын болады.

Өңір басшысы «Жол картасы», «Бизнестің жол картасы 2020», «Агро бизнес-2020», «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларының барлығы да ең алдымен жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталғанын тағы да ескертті. Кез-келген жеке кәсіпкер өз бизнесін ашып, жаңа жұмыс орындарын ашуына барлық жағдайлар жасалып келеді.

ШҚО ақпарат орталық




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив