KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Курчатовта кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

26.03.2013, 18:00 247


Курчатовта кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Оған қала әкімі Александр Генрих, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның аймақтық бөлімшесінің өкілдері, кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері мен бизнесмендер қатысты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Орталықта азаматтарға өз кәсібін ашудан бастап оны тиімді басқаруға дейінгі кәсіпкерліктің барлық кезеңдері бойынша қызмет көрсетіледі. Айталық, тегін заң көмектерін беру, мамандарды таңдау, бухгалтерлік және салық мәселелерінен кеңестер беру жағы қамтылған.

«Фортуна» кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Демышев жергілікті бизнес өкілдері үшін мұндай үлкен сый жасаған қала әкімдігі мен «Даму» қорының басшылығына өзінің және әріптестерінің атынан ризашылығын білдірді.

Мерекелік шара соңында «Даму» қорының мамандары кәсіпкерлерге шағын және орта бизнестің мәселелері бойынша буклеттер, мақалалар, журналдар ұсынып, түрлі ақпараттар берді.
Айта кетейік, мұндай орталықтар бүгінгі күні облыстың Серебрянка, Риддер, Зырян қалаларында тиімді жұмыс істеуде.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив