KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Өскеменде тегін қызмет көрсету орталығы ашылады

7.01.2013, 18:00 241


Өскемен қаласы әкімдігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп кәсіпкерлерді қолдау орталығын ашуды жоспарлап отыр. Орталық үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Бизнес саласының өкілдеріне қызмет көрсету орталығы – шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына барынша қолдау көрсетуге бағытталған институт. Аталмыш орталық бір терезе қағидатын жүзеге асырады. Ал оның жұмыс тәртібі кәдімгі халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты болмақ. Қазірдің өзінде белгілі болғандай, көрсетілетін қызметтің негізгі бөлігі ақысыз жүргізілмек.

Орталықты құрудағы мақсат – облыс аумағында ақпараттық-оқытушылық қызметтің қолжетімділігі мен сервистік-консалтингтік инфрақұрылымдарды арттыру.

Бүгінде қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары еліміздің басқа өңірлеріндегі осындай орталықтардың тәжірибесін қарастырып, мекемені орналастыратын лайықты ғимарат мәселесімен айналысып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив