KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

15 наурызда «Өскемен-Самар» тас жолында алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіледі

13.03.2013, 18:00 148


Ертең 2013 жылдың 15 наурызында «Өскемен-Самар» тас жолының 95-102 шақырымында алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, ауа райының жаңбырлы болу себепті таулы аймақтарда таяу күндері қар көшкіні жүру, су тасу сияқты апатты құбылыстар орын алуы ықтимал.

Осындай бақытсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында ертең, 2013 жылдың 15 наурызында «Өскемен-Самар» тас жолының 95-102 шақырымында алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыстың басталуы және ұйымдастыру жиыны 15.03.2013 ж сағат 12-00-де «Өскемен-Самар» тас жолының 95 шақырымында деп белгіленген.

Мамандар тұрғындардан тыныштық сақтауларын өтінеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив