KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 9 м/с, В
443.16 480.39 4.94

"Өскемен-Зырян" тас жолында қар көшкіні түсіріледі

29.01.2013, 18:00 87


Бүгін «Өскемен - Зырян» тас жолының 58-65 шақырымында қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің мәліметіне сүйеніп.

Облыстың таулы аймақтарында қар көшкінінің өз бетімен жүріп өту қаупі өте жоғары. Осыған орай облыстық ТЖ департаменті төтенше жағдай орын алуы мүмкін аудандарда алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жиыны 14-00 сағатта «Өскемен-Зырян» тасжолының бойындағы «Думан» кафесінде өтеді.

Облыстық ТЖ департаменті тұрғындардан абай болуды сұрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив