KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Кітапханашылар үшін өткізілген үйретуші семинар

13.03.2013, 18:00 193


Назарбаев орталығы мен Б. Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың ынтымақтастығы шеңберінде Назарбаев орталығында кітапханашылар үшін «Электронды кітапхана: сандық қорларды тізімдеу және қалыптастыру» тақырыбында үйретуші семинар болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Назарбаев орталығының баспасөз қызметіне жүгініп.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кітапхана-мұрағат жұмысымен тәжірибе алмасу, білім мен ғылым саласында Ельцин атындағы Президенттік кітапханасы және Назарбаев орталығы мен тиісті қазақстандық ұйымдар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Іс-шара қортындысы бойынша Назарбаев орталығының директоры Қанат Саудабаев мұндай мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына өз үлесін қосатынын, әрі екі ел арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«ҚР мен РФ арасындағы стратегиялық әріптестік пен достық туралы жаңа келісімді әзірлеу туралы Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің контексінің негізінде, бұл саладағы ынтымақтастық өз маңыздылығын жоғалтпай, керісінше мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде ерекше мәнге ие болуда» деп санайды Қ. Саудабаев.

Қазақстан мен Ресей мемлекеттілік тарихын танымал ету мен зерттеу бойынша Назарбаев орталығы мен Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың мақсаттарындағы ұқсастықты атай келе, Қ.Саудабаев екі ұйым арасындағы тәжірибелік өзара әрекетті әрі қарай жетілдіру мақсатын растады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив