KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

Қазақстанның халық әртісі Күләш Сәкиева жеке заттарын Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сыйға тартты

12.03.2013, 18:00 170


Қазақстанның халық әртісі, қос бірдей «Құрмет Белгісі» және «Парасат» орденінің иегері, Семей және Зайсан қалаларының «Құрметті азаматы», 70 жылдан астам са-хна төрінде еңбек еткен Күләш Сәкиева жақында өзінің күнделікті өмірде пайдаланған жеке заттарын Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сыйға тартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күләш Сәкиева 1920 жылы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1937-1941 жылдары Алматыдағы театр училищесінің актерлік шеберлік сыныбында оқыған оның актерлік қасиеті ерте кезден-ақ байқала бастаған екен. Ол мектеп қабырғасында оқып жүргенде драмалық спектакльдерде ойнаған көрінеді.

Театр училищесін бітірген жас әртіс 1941 жылы Жамбылдың Абай атындағы драма театрының труппасына қабылданады. Онда ол М.Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыланды» спектаклін-де Күнекей, Еңлік, Баян, Қыз Жібек және Ф.Шиллердің «Коварство и любовь» пьесасындағы Луиза рөлдерін үлкен шеберлікпен ойнап, халықтың ақ батасын алған.

1952 жылы Семейдің Абай атындағы музыкалық драма театрына ауысып келген өнерпаз М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» драмасында Шолпанның, Ә.Тәжібаевтың спектаклінде Майраның, «Ер Тарғын» спектаклінде Ақжүніс бейнесін көркем сомдаған.

Күләш Сәкиева үлкен рөлдерді сомдап қана қоймай, халық әндерін де ерекше нақышта шырқағаны белгілі. Және ол бірнеше әндердің авторы да болып табылады. 70 жылдан астам уақытын өнерге арнаған талант иесі үлкенді-кішілі 300-ге жуық рөл сомдаған екен.

Таяуда Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 130 жылдығына орай «Мұражайдың асыл қазынасынан» атты көрме ашылған болатын. Аталмыш көрмеге Күләш Сырымбетқызының сахна төріне киіп шыққан көйлегі де қойылды.

Шынар Сейсембаева,

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив