KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Шығыс Қазақстандағы Бородулиха ауданында «Әйелдерді аялаңдар» атты жастар фотобайқауы өтті

11.03.2013, 18:00 135


Бородулиха ауданында көктем мерекесіне арналып «Әйелдерді аялаңдар» атты жастар фотобайқауы өтті. Ауданның 14 пен 29 жас аралығындағы жастары бір ай көлемінде фотобайқауға қатысатындары туралы алдын-ала тапсырыс беріп қойған болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өз ойын білдіру, шығармашылық ұмтылысқа және сурет өнерін эстетикалық бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушылар өз жұмыстарын өткізді.
Шығыс Қазақстандағы Бородулиха ауданында «Әйелдерді аялаңдар» атты жастар  фотобайқауы өтті
Аудандық Мәдениет үйінде фотожұмыстардың ашық көрмесі ашылды. Білікті сарапшылар әр автордың еңбегін жоғары бағалап, олардың шығармашылық әлеуеттерін шыңдай түскендерін атап өтті.

Фотобайқаудың қорытындысы бойынша Раушан Нұрлыбекова 1-орынды жеңіп алды. 2-орын Жәмилә Кәрімжановаға бұйырса, 3-орынды Артем Конопля және Николай Куцевалов бөлісті.

Қалған қатысушылар арасында арнайы номинацияларға ие болған жастар да бар. Әсия Байжұманова «Ерекше ракурс», Любовь Икомасова – «Ерекше шешім», Яна Кононова «Тақырып ұстамдылығы», Виктория Кузьминцева «Авторлық идея» Дана Сабиолдинова – «Орындаған жұмыстың мазмұндылығы үшін» аталымдары бойынша үздік деп танылды.

Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив