KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Үздік тимур командасы» анықталды

23.10.2014, 18:00 228



Қайырымдылық айы қарсаңында «Бородулиха аудандық жастар орталығының» ұйымдастырылуымен ШҚО Бородулиха ауданында қыркүйектің 20-30 аралығында «Үздік тимур командасы» атты конкурс ұйымдастырылған еді. Осы іс-шараға ауданның 9 мектебі қатысты.

Арнайы құрылған комиссияның құрамына: Бородулиха ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы - О.Байжанов, «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары - Н.Жақсылықова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Д.Бергенев, «Жас Отан» орындаушы хатшысы - Ф.Бельбеев, «Бородулиха аудандық жастар орталығының» директоры - Д.Хасенова және АББ әдіскері А.Өмірбековалар енді.

Барлық командалар өздерінің Қайырымдылық айыында жасалынған жұмыстары туралы фотобейнелер мен бейнероликтерді уақытында арнайы құрылған комиссия қарауына жібеіп отырды. Оларға жеңімпазды таңдау қиынға соқты. Дегенмен, 14 қазанда «Бородулиха аудандық жастар оратлығында» конкурс қорытындылары жарияланды.

Дауысқа салу нәтижесінде Бородулиха ауылының жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тимур командасы «Үздік тимур командасы» атына лайық үздік болып шықты. Конкурс ұйымдастырушысы «Бородулиха аудандық жастар орталығы барлық командаларға мақтау қағаздары және естелік сыйлықтарды табыс етті.

С:Әбілқасымұлы, Қ. Маманов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив