KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Ауданның жастары бас қосты

3.10.2013, 18:00 121


Зырян қаласында «Қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессионалдық қоғам жетістігінің негізі» атты III аудандық жастар форумы болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Салтанатты басқосуда аудан әкімі Е.Сіләмов пен облыс орталығынан келген лауазымды қызметкерлер сөз сөйлеп, қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтады.

Форум барысында «Зырян ауданының жастары-2013» бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің арнайы сыйақылары табыс етілді.

Жиында ауданда жастар саясатын одан әрі дамытуға байланысты сан алуан ой-пікір айтылды. Салиқалы басқосу соңында форумға қатысушылар назарына жастар шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив