KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Мереке күндері нәзік жандар қоғамдық орындарда да құрметсіз қалған жоқ

10.03.2013, 18:00 155


Өскеменде Халықаралық әйелдер мерекесі биыл ерекше мәнерде тойланды. Әдеттегідей концерттік қойылымдар мен салтанатты құттықтаулардан бөлек қоғамдық орындарда аналарға лайықты құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыс орталығындағы «Алтай» стадионында әйелдер қауымына арнап көңілді старт ұйымдастырылып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында «Көктемгі калейдоскоп» байқауы өткізілді.

«Еуразия» сауда үйінде нәзік жандар өздерін «Сен ханымсың!» атты тегін фотосессияда сынап көрсе, Металлургтердің мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясованың мерейтойлық концерті асыл аналар мен қыз-келіншектерге арналды.

Ал қаладағы жастар орталығы «Әйел, сен әдемісің!» атты акция аясында автобустарда, трамвайларда, қоғамдық орындарда нәзік жан иелерін құттықтады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив