KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Сержанттар командирлік дайындықтан өтті —ШҚО

22.05.2024, 23:19 108 Ынтымақ Толқын

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының сержанттары командирлік даярлықтан өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылдың жауынгерлік жоспары негізінде Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде өткен жиынның мақсаты сержанттардың әдістемелік және практикалық дағдыларын жетілдіру. Оқу-жаттығу барысында әртүрлі жауынгерлік жағдайларда іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған тактикалық және практикалық сабақтар өткізілді. Сержанттар бөлімшелерді басқаруда және жауынгерлік жағдайларда іс-қимылдарды үйлестіруде өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.  

- Сержанттардың бойында жоғары моральдық-жауынгерлік, психологиялық, ұйымдастырушылық және физикалық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылған екен. Жиын барысында біз қарқынды дене шынықтыру жаттығулары, психологиялық дайындық және көшбасшылықты дамыту сынды түрлі бағытта білім алдық. Бұл біздің стресстік жағдайларда шешім қабылдау қабілетін нығайтуға және жалпы төзімділікті жақсартуға көмектесетініне сенімдімін, - деп атап өтті 10810 әскери бөлімінің сержанты Райсов Медет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив