Глубокое ауданында әділет басқармасының мамандары, Глубокое аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өкілдері мен кәсіпкерлер интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тақырыбын талдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Интеллектуалдық меншікті қорғау маңызды фактілердің бірі болып саналады. Қорғаудың сенімді деңгейі ғылыми зерттеуге, мәдениетті, өнерді және әдебиетті дамытуға, ғылымды және техниканың жетістігін тәжірибеде қолдану, сондай-ақ, оларды халықаралық деңгейде алмастыруға жағдай жасайды.
Қазақстанда интеллектуалдық меншік құқығын дамытуға қатысты қолайлы жағдайларды қалыптастыру бойынша міндеттердің бірі интеллектуалдық меншік нысанын қорғау және контрафакт өнімімен күресуді ескертуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осыған орай инспектор Ә.А. Серғалиева өзінің «Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау» баяндамасында «интеллектуалдық меншік» терминін түсіндіріп, атаулы саладағы заңнаманың жағдайы туралы, Республиканың халықаралық келісім-шарттарға қатысатындығы жайлы айтып өтті.
Әділет басқармасының бас маманы А.Р. Досаев интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудағы мемлекеттік органдардың рөлі, әділет органдарында атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ, интеллектуалдық құқықтың бұзылуын анықтау бойынша құқық қорғау органдарының бірлескен іс-әрекеттерінің қажет екендігі жайлы атап өтті.
Глубокое АІІБ бастығының орынбасары А.Т. Рамазанов аудан аумағында контрафактілі өнімдерді өткізу фактілерін анықтау және ескерту бойынша полиция органдары қызметкерлерімен жұмыс атқарылып отырғандығын
жеткізді.