KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Зайсан ауданының шаруалары жайылым мәселесін көтерді

8.11.2024, 10:30 70 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлы Сапанов Зайсан ауданына іссапармен келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында шекара белдеуіндегі маусымдық жайылымдық жерлердің мерзімін ұзарту мәселесі талқыланды - деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.

Зайсан ауданы бойынша 2018 жылдан бері берілген бұл жайылымдық жерлердің мерзімін ұзартуға заңмен тыйым салынғаны шаруалардың алаңдаушылығын тудырды. Дархан Сапанов жер мәселесіне байланысты заңнамада өзгерістер енгізіліп жатқанын және шаруалардың ұсыныстарын министрлікке жолдау арқылы шешім табуға ықпал ететінін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу