KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Республикалық жолдарда 12 отандық технология сынақтан өтуде

Фото: ҚР Көлік министрлігі

8.11.2024, 12:30 74 Гульжан Мусина

Көлік министрлігі жол құрылысына жаңа технологияларды енгізуді жалғастыруда. «ҚазжолҒЗИ» АҚ пилоттық режимде жол құрылысында қолданылатын материалдар мен технологиялардың бірыңғай базасын іске қосты. Базаның мақсаты – жол сапасын жақсартып, ашықтықты қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта базаға 112 өнім енгізілді. Олардың ішінде 37 өнім «жасыл мәртебеде» (толық сынақтан өткен), 23 өнім «сары мәртебеде» (қосымша бақылауда), ал 52 өнім «сұр мәртебеде» (бастапқы сынақтан өткен). Бұл тәсіл жол қауіпсіздігін арттыратын тиімді шешімдер таңдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік учаскелерде Qsmart-PM битум модификаторы, QSmart-AntiGlaze көктайғаққа қарсы реагенті, QSmart-RoadPaint жол таңбасы сияқты жаңа өнімдер сыналуда. Жолдарды жөндеу және құрылыс шығындарын азайту үшін бірыңғай базаны толықтыру жұмыстары жалғасады.


Материал: ҚР Көлік министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу