KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Тастан тұрғызылған монша

26.02.2013, 18:00 221


Аягөз ауданындағы Сарыарқа ауылының азаматы Ғалымжан Омаров ауылдастарына арнап тас монша салып беріп, жұртшылықтың ризашылығына бөленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа нысанның ерекшелігі - монша толықтай тастан тұрғызылған. Іші-сырты жарқырап тұр. Бұған қоса адамдарға жайлы етіп жаңа жиһаздармен жабдықталған. Бүгінгі күннің талабына сай құрылыс материалдарынан салынған бұл монша ауылдағы ағайындардың көңілінен шығып отыр.

Бағасы да қолжетімді. «Жерлестеріне тамаша тарту жасаған Ғалымжан сияқты азаматтар ел ішінен көптеп шығып, осындай игі істер жалғасын таба берсе» дейді ауыл халқы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив