Көктемнің алғашқы күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, қатты боран соғады. Облыстық ТЖД тұрғындардан қала сыртына шығуға шектеу қоюды, қырағылық танытуды және сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі жолдаған мәліметте айтылған.
«Қазгидромет» мекемесінің ақпараты бойынша 2013 жылдың 01 наурызында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қар жауады, боран соғады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде. Осыған орай облыстық ТЖД қала тұрғындарынан қала сыртына шығуға шектеу қоюды, қырағылық танытуды және сақ болуды сұрайды" делінген хабарламада.