KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Қазақстан чемпионатынан жерлестеріміз екі алтын, бір күміс медальмен оралды

24.02.2013, 18:00 267


Талдықорғанда еркін күрестен жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында біздің облыстың балуандары тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

66 келі салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов сыннан сүрінбей өтіп, шешуші бәсекеде Алматы қаласының балуаны Болат Сақаевпен боз кілемге шықты. Айқас аса тартысты өтті. Данияр айласын асырып, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал 120 келі салмақта облыс намысын Олег Болтин қорғады. Ол Алматыда еркін күрестен жастар арасында өткен Aзия чемпионатында қола медальды иеленген болатын. Сондай-ақ Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимовты еске алуға арналған халықаралық турнирде де жауырыны жерге тимеген балуан атанған еді. Олег Талдықорғанда Атырау облысының балуаны Бақтияр Сұлтанбекпен алтын медальға таласып, мақсатына жетті.
84 келі салмақта біздің облыстың тағы бір балуаны Азамат Дәулетбеков астаналық Нұрғали Байтарақовпен ақтық
айқасқа түсті.

Бұл жолы Нұрғалидың мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды.

Осы жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана,Алматы қалаларының балуандары сегіз салмақ дәрежесінде жүлделі орындарды сарапқа салған болатын. Бұл жарыста екі алтын, бір күміс медальды еншілеген біздің облыстың балуандары жалпы командалық есепте де үздік шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив