KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Кеденшілер Иранннан келген контрабандалық тауардың жолын кесті

20.02.2013, 18:00 226


Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тарапынан жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «тауарларды тасалауды» қолдану арқылы, Ираннан Алматы қаласына тауарларды контрабандалық жолмен жеткізудің «бұлыңғыр кестесі» анықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың ақпан айында уақытша сақтау қоймасына Иран Ислам Республикасынан тауар тиелген контейнер келіп түсті. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту барысында толтырылған тауар тасымалдау құжаттары мен транзиттік декларацияда сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы тарапынан жалпы құны 30 000 АҚШ доллары тұратын халық тұтынатын тауарлар көрсетілген. Алматы кеден қызметкерлері өздеріне келіп түскен ақпарат бойынша, контейнерді тоқтатып, жүкке тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде контейнерде декларациядан өтпеген тауарлар, атап айтқанда, көлік магнитолалары, акустикалық жүйелер және қазіргі уақытта құны мен саны анықталып жатқан көлікке арналған бөлшектер бар екені анықталды.

Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті жедел жүргізілген шаралардың нәтижесінде контрабандалық тауарлар тиелген 10 контейнерді ұстады. Оларды тексеру барысында декларациядан өтпеген, салық мөлшері жоғары тауарлар, атап айтқанда, дискасы бар шиналар, парфюмериялық өнімдер, төсек жабдықтары, киім-кешек, азық-түліктер және басқа да тауарлар әшкереленді.

Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тарапынан алдын ала тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп, қылмыстық істерді қозғау жөнінде мәселелер қаралуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив