KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Үшжақты комиссияның алғашқы отырысы өтті

2.02.2013, 18:00 151


Семей қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның ағымдағы жылдағы алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Семей қалалық ішкі саясат бөлімі таратқан баспасөз қызметінің парағында көрсетілген.

«Парыз» республикалық конкурсына қаланың кәсіпкерлік субъектілерінің қатысу қорытындылары жария етілді. Конкурстың басты маңыздылығы елдегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, бизнес-құрылымдардың мемлекеттің дамуы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуын насихаттаудан көрінеді.

2012 жылы қаланың 6 кәсіпорны («Силикат» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Қаражыра ЛТД» ЖШС, «АЭС Шульба ГЭС» ЖШС, «Ибраев + К» ӨК, «Дитас» ЖШС) «Парыз» республикалық конкурсына қатысқан болатын. Семей қаласы бойынша «Орта кәсіпкерлік субъектісі» санатындағы «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында «Парыз» конкурсының қола жүлдесіне «Ибраев + К» ӨК лайық деп танылды.

Қала әкімінің орынбасары З.Исабаеваның төрағалығымен өткен отырыста қала кәсіпорындарындағы еңбекақы бойынша берешекті жою туралы мәселе қаралды.

Сонымен қатар үшжақты комиссияның 2013 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып қабылданды. 9 отырыста 18 жоспарлы мәселелерді қарау болжануда.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив