KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Тегін жүру үшін қажетті құжаттар

31.01.2013, 18:00 141


Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктерде 2013 жылдың 1-ақпанынан жыл аяғына дейін тегін жүретін 70 жастан асқан зейнеткерлер үшін атаулы жол жүру билетін алуға қажетті құжаттардың тізімі жасалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Естеріңізге сала кетейік, қалалық әкімшілік пен жолаушы тасымалдаушылар арасындағы келісім бойынша 70 жастан асқан қариялар қоғамдық автобустарда атаулы жол жүру билетімен тегін жүреді. Мұндай құжатты алу үшін Тургенев көшесі, 30 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттармен келу қажет: жеке бас куәлігі( түпнұсқасы мен көшірмесі), азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы мен көшірмесі), 3х4 фотосурет.

Өскемен қалалық жұмыспен қамту бөлімінің жұмыс кестесі: 9-дан 18-ге дейін, 13-14 үзіліс, сенбі, жексенбі күндері демалыс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив