KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Шығысқазақстандық Анастасия Слонова әлем чемпионатында екінші орын алды

27.01.2013, 18:00 149


Шығысқазақстандық шаңғышы Анастасия Слонова Чехияның Либереце қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі шаңғышылар арасындағы әлем чемпионатында еркін тәсілмен 10 шақырымдық жекелей жарыста күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан қоржынына алғашқы медальды Анастасия түсіргенін мақтанышпен атап өтуге болады. Ал алтын медальды Норвегия спортшысы Рагнхильд Хага иеленді. Қазақстан құрамасында жарысқа қатысқан Алёна Васильченко мәреге 47-ші болып келді.

Сондай-ақ қазақстандық Марк Старостин Анастасияның жеңісті жолын жалғастырып, 30 шақырымдық скиатлон бәсекесінде қола жүлдеге ие болды. Марк 15 шақырымға классикалық, ал қалған 15 шақырымды еркін әдіспен жүгіріп өтті. Бұл бәсекеде ресейлік шаңғышылар алдарына жан салмады. Сергей Устюгов алтын, Евгений Белов күміс медальдарды еншіледі. Осы қашықтықта сынға түскен Дәулет Рақымбаев 42 орынға табан тіреді.

– Анастасия Слонова біздің мектептің атынан әлемдік жарыстарға қатысып жүрген талантты спортшыларымыздың бірі. Ол мұның алдында ересектер арасында Канаданың Кэнморе қаласында өткен әлем кубогының кезеңдік жарыстарында жақсы нәтижеге жеткен болатын. Дүбірлі жарыстарға қатысқан сайын шеберлігін шыңдай түсуде, – дейді қысқы спорт түрлерінен Шығыс Қазақстан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Анатолий Проскурин.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив