KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Риддерлік Алексей Полторанин - әлем кубогінің күміс жүлдегері

25.11.2012, 18:00 169


Жақында Швецияның Галливер қаласында шаңғы спортынан әлем кубогының алғашқы кезеңіндегі жарыс өткен болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Риддерлік шаңғышы Алексей Полторанин осы жарыста тамаша табысқа жетіп, 15 шақырымға классикалық мәнермен жарысуда күміс медальды жеңіп алды. Алексей бұл жолы норвегиялық Сундбюді ғана алға салды. Үшінші орынды Швеция спортшысы Хеллнер Маркус иеленді.

Алексей Полтаранин бастаған қазақстандық спортшылар осындай тамаша дәстүрді әлемдік деңгейдегі жарыстарда да жалғастырып келе жатыр. Мәселен, мұның алдында ғана Финляндияда ФИС федерациясының халықаралық жарысында Алексей 1000 метрлік қашықтықта алтын медальды еншілеген болатын. Бұған қоса дәл осы қашықтықта сынға түскен қазақстандық спортшылар Николай Чебатько күміс, Евгений Володька қола жүлдеге ие болды

Одан соң 10 шақырымдық қашықтықтағы бәсекеде де Алексей Полторанин көмбе сызығын бірінші болып қиды. Жасөспірімдер арасында классикалық тәсіл бойынша риддерлік Сергей Малышев 10 шақырымдық қашықтықта бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ 15 шақырымдық қашықтықта ол мәреге үшінші болып келді. Ал 5 шақырымдық қашықтықта риддерлік Анна Стоян да үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасының сапында біздің облыстан қатысып жүрген спортшылардың бәрі Анатолий Проскурин басқаратын қысқы спорт түрлері бойынша облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлектері екенін де атап өткен жөн.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив